Ұлттық ұланның әуе базасы Алматыдан Астанаға көшті

Ұлттық ұланның әуе базасы Алматыдан Астанаға көшті
Фото: informburo.kz

Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде ҚР Ұлттық ұланның әуе базасының Алматыдан Астанаға көшуіне байланысты салтанатты кездесу өтті. Бұл жайында Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенат Руслан Жақсылықов әуе базасын көшірудегі негізгі себептерді атап өтті.

"Бүгін әскери саладағы азаматтар үшін тарихи күн. Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімінің әуе базасы тұңғыш рет Алматыдан Астанаға көшті. Бұл бірінші кезекте, әскердің жұмылдыру дайындығын арттырады", - деді Руслан Жақсылықов.

Ұлттық ұланның 3656 әскери бөлімінің құрамы Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орнында оқыған біліктілігі жоғары ұшқыштардан жасақталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 29 тамызында Астана халықаралық әуежайының аумағында ҚР Ұлттық ұланына арналған әуе базасында жаңа капсула қойылған еді.

А. Қажиев