Google тәуелсіздік күнімен құттықтады
![Google тәуелсіздік күнімен құттықтады](/userdata/news/news_49767/image_l.jpg)
Фото:
google.com
Google мәліметтерді іздеу жүйесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай логотипін өзгертті.
Логотип (Doodle) Қазақстан Республикасының Туымен түстес және онда еркіндіктің символы іспеттес қанат жайып тұрған бүркіт бейнеленген.
Doodle – арнайы мерекелер мен маңызды даталардың құрметіне арнайы шығарылатын логотип.
Айта кетейік, Google былтыр 25 жылдыққа осындай құттықтау жолдаған болатын. Бірақ былтыр логотиптің ортасында «Алтын адам» бейнеленген еді.
Ж. Жұмағұлов