Ұлттық kz домені qz болып өзгеруі мүмкін

Ұлттық kz домені qz болып өзгеруі мүмкін
Фото: inform.kz

ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығының президенті, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Исин ұлттық kz доменін qz етіп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады. 

«Ұлттық домен «к» әрпімен басталады. Оны жаңа әліпбиге сәйкес латынның басқа әрпі «q»-ге өзгерту керек. Бұл мәселені дер кезінде, әріп жоғалып кетпей тұрған кезде, мүмкіндік барда шешкен жөн. Ол үшін бұл бағытқа жауапты мемлекеттік органдардың атынан ICANN корпорациясына сұраныс жіберу қажет. Яғни, ұлттық домен үшін аталған доменді уақытында алып қалу керек»,– деді ол ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.

Өз кезегінде кеңес төрағасы Қуаныш Сұлтанов оны қолдап, алдағы уақытта өтетін қоғамдық кеңес отырыстарында тыңғылықты талқылауды ұсынды.

Ж. Жұмағұлов