Күзде әскерге 16 мың сарбаз шақыртылады

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқаны жақындап келеді. ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылдар аралығында туған 16 мың азаматты әскер қатарына шақыру жоспарлануда.

Күзгі әскер қатарына шақыру «Әскери қыз­мет және әскери қызметшілердің мәр­те­­бесі туралы» заңға және Мемлекет бас­шы­сы, Жоғарғы Бас қолбасшының «Әс­кери қызметтің белгіленген мерзімін өт­керген мерзімді әскери қызметтегі әс­кери қызметшілерді запасқа шығару және Қа­зақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыр­күйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» №449 Жарлығына сәйкес жүргізіледі. Қа­зақстан Қарулы күштерінің және басқа әс­кери құрылымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін жас сарбаздармен толық­тыру үшін 2 қыркүйектен бастап, шақыру және медициналық комиссиялар жұмысқа кіріседі.

Шақыру комиссиясы іріктеу жұмысын аяқ­тағаннан кейін 18 жастан 27 жасқа дейін­гі ер азаматтар қыркүйек – желтоқсан ара­лығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Ішкі істер министрлігіне, Қа­зақ­стан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік ко­митетіне, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік күзет қызметіне мерзімді әс­кери қызметке шақырылатын болады. 

Шақырылушыларды әскери бөлімдерге бөлу және іріктеу кезінде алдын ала тексеру нәтижесі мен олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары ескерілетін болады. Әскери бөлімдерді толықтыру аумақтық қағида бойынша жүзеге асырылады.

Жауапты лауазымды тұлғалар түсінік беріп,  азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беретін арнайы желі қызмет жасайды. 8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06 телефон нөмірлері арқылы арнайы кеңес алуға болады.