Елбасы жаңа әліпби енгізуге қатысты ойын айтты

Елбасы жаңа әліпби енгізуге қатысты ойын айтты
Фото: rferl.org

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тіліне арналған латын әліпбиіне диграфтарды енгізу туралы пікір білдірді. 

"Мен бірден компьютерге енгізу үшін ешқандай имектер болмасын деп айтқанмын. Өзге елдердікінде имектер, нүктелер, үтірлер бар. Бізде таза қазақ тіліне тән сегіз әріп бар – соларды таңбалау керек. Басты мәселе осы", — деді Елбасы Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

Нұрсұлтан Әбішұлы "Ымыра болғанда, тіл білімі мамандары мен тарихшылар ортақ келісімге келгенде мен жаңа әліпби жайында жария етемін. Бұл ертең осы әліпби қолданысқа енеді дегенді білдірмейді" дей келе кирилица да өз қызметін жалғастыра беретіндігін айтты. 

"Кеше халық арасында сәбіз (saebiz) сөзіндегі "ә" әрпі қалай оқылады деген сұрақтың тарағанын естідім. "Ә" дыбысы "ае" болып жазылады. Олар "саебиз" деп оқуымыз керек дейді. Олай болса ағылшын тілінде boeing сөзі қалай оқылады, еске түсіріп көрейікші. Ал "мектеп" деген сөз ше? Француз тілінде, мысал үшін, бір сөзді жазуға он әріп қажет. Сондықтан бұл қате пікір", – деді. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы 2022 жылдан бастап 1-сынып латын әліпбиімен оқитындығын айтты. 

Ж. Жұмағұлов