Батыс Қазақстанда бұршақ жауды

Кеше БҚО, Зеленов ауданы, Дариян ауылында үлкен көлемдегі бұршақ жауды. Жаз мезгілінде тосын мінез танытқан табиғатқа өңір жұртшылығы таңырқай қарады. 

Ауыл әкімі Болат Ерболатовтың айтуынша, бұршақ кешкі сағат 18:00 мен 20:00 арасында жауған.

Соның салдарынан бау-бақшаға елеулі залал келген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, тосын оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Дариянда электр және байланыс желілері қалыпты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта бұршақтан келген шығын көлемі есептелуде.