Шымкент жастары ерекше флешмоб ұйымдастырды

Шымкент десе елең етпейтін қазақ жоқ шығар. Ырысы мен ынтымағы жарасқан, жері құтты, қазақы қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің белсенді жастары ерекше флешмоб ұйымдастырды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флешмоб ұйымдастырушылары – Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония өнерпаздары. 

Жаныңызға жігер беріп, ерекше рух сыйлайтын флешмобты сіздер де көре отырыңыздар!

Түсірілім Шымкент темір жол вокзалының алдында жасалды.