Жас Отан Жастар қанатының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі

Жас Отан Жастар қанатының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі
Фото: Досжан Балабекұлы

2016 жылы 16 қарашада «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының конференц-залында Жас Отан Жастар қанатының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті. 

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жас Отан» Жастар қанатына Алматы қаласының 25 қоғам белсендісі мүшелікке қабылданды. Олардың қатарында спорттағы жеңімпаздар, жас кәсіпкерлер, қалалық деңгейдегі үздік оқушылар, денсаулық және мәдениет саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының жастармен жұмыс жөніндегі комитет төрағалары бар. Атап айтсақ: белгілі шоумен, тележүргізуші – Кирилл Мейстер, Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, Хабар агенттігінің журналисі – Мұқаев Дәулет, «Miss University Lady-2014 – Құнғазы Ақерке , «Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің журалисі – Балабекұлы Досжан, «Step by step» тіл үйрету орталығының директоры – Айбек Шегебай, Алматы қаласы G38 клубының жетекшісі – Ерниязова Айсұлу, Massaget.kz сайтының тілшісі, ақын – Ақан Марғұлан, Алматы қалалық №4 аурухана дәрігері – Мәуленов Дәулет, жас кәсіпкер, «Кибус» компаниясының бас директоры – Ардақ Өсербай «Жас Отан» Жастар қанатының құрамына ресми түрде қабылданды.

А. Оралқызы