Назарбаев Университеті ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесі жөнінде семинар өтті

2016 жылғы 9 қарашада Астанадағы Назарбаев Университеті ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесі, сондай-ақ алдынғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде оның даму перспективалары мәселелеріне арналған тәжірибеге бағытталған семинар өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аясында «Назарбаев Университеттің» ДБҰ Мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебімен және Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабпен бірлесіп өткізілді.

Семинар жұмысына халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты. Сонымен қатар видеоконференция байланысы режимінде жергілікті атқарушы органдардың, Агенттіктің аумақтық департаменттерінің және Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметкерлері қатысты.

Диалогтық алаң форматында өткізілген семинардың негізгі мақсаты Қазақстандағы қолданыстағы мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесі мәселелерін талқылау, «бір терезе» қағидатын жүзеге асыру бойынша шет елдік тәжірибені және осы мәселенің дүниежүзілік тәжірибеде оңтайлы қолданылатын өзге де қырларын қарастыру болды.

Семинардың жұмысын аша отырып, Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді түрде көрсетуге көшуге назарын аудару бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерін жүзеге асыруға назар салды.

Сонымен қатар, халыққа ыңғайлықты қамтамасыз ету мақсатында спикер мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру қажет екенін ескерді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға ықпал ететін болады.

Өз кезегінде, Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы А.М. Байменов өз сөзінде ЭЫДҰ хатшылығының негізіндегі Тиімді институттар платформасының (EIP) әдістемесі бойынша Хаб “теңмен тең” қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне арналған алғаш практиктер Альянсын құрғанын атап өтті. Альянс шеңберіндегі кездесулер нәтижесінде Хаб Грузия, Әзірбайжан және Қазақстанның тәжірибесіне арналған 3 кейс-стадиге бастамашылық жасап, зерттеуге сарапшыларды тартты.

Семинар аясында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша аталған сарапшылар әзірлеген кейстері ұсынылды, сондай-ақ Агенттіктің, Мемлекеттік корпорация және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері сөз сөйледі.

Халықаралық сарапшылар мемлекеттік қызметтерді азаматтарға және бизнеске сапалы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша біздің елде жүргізіліп жатқан саясатты оң бағалады.

Семинар барысында семинарға қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, олардың бизнес-процесстерін оңтайландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік органдардың ішкі бақылау жүргізуі секілді сұрақтары бойынша белсеңді және етене талқылау ескерілді.

Семинар соңында мемлекеттік органдар мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде халықаралық тәжірибе ұстанымы шеңберіндегі күнделікті жұмыстың өзекті мәселелерін ведомствоаралық деңгейде қарастыру бойынша мүдделілік танытты.

БҰҰ есебіне сәйкес электрондық үкіметті дамыту деңгейі бойынша Қазақстан – 28 орында (309 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе 41,8% «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, 31 қызмет мобильді үкімет арқылы көрсетіледі).