Әділет министрлігінде «Бала және оның құқықтары: кемсітпеушілік» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті

Әділет министрлігінде «Бала және оның құқықтары: кемсітпеушілік» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті
Фото: adilet.gov.kz

2016 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде «Бала және оның құқықтары: кемсітпеушілік» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы ҚР ӘМ Баспа қызметі хабарлады.

Іс-шарада Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдік, Бала құқықтары жөніндегі Уәкілдік өкілдері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, ішкі істер, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, дін істері және азаматтық қоғам, ақпарат және коммуникация, энергетика министрліктері, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі Жоғары Комиссары Басқармасы, Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Бала қорының өкілдігі, Орталық Азиядағы PRI аймақтық өкілдігі сияқты халықаралық ұйымдары, сондай-ақ, «Қазақстандағы Әлеуметтік қызметкерлер мен ерікшілер қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ, «Бала жанұяда тұру керек» ҚІ, «АРДИ» мүгедек-балалардың ата-аналар (Алматы қ.) қауымдастығы» ҚІ, «Аспан Арыстаны» қайырымдылық қоры» ҚФ тәрізді үкіметтік емес ұйымдар спикерлер ретінде және т.б. қатысты.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл, Парламенті Мәжілісінің депутаты З.Я. Балиева құттықтау сөз сөйледі. Балалардың пікірлерін білдіру бостандығына және ақпаратқа және материалдарға қол жетімділігі, денсаулығын қорғауға, әлеуметтік қамтамасыз етілуге және мемлекеттік көмекке, мүгедек-балаларға ерекше көмекке және қорғалу құқықтарын кемсітпеу, отбасы қамқорлығынан айырылған баланың қорғалу және мемлекет көмегіне құқықтарын кемсітпеу, балаларды қорғау жүйесін олардың құқықтарының бұзылудың алдын алу үшін дамыту мәселелрі бойынша ұсыныстармен үкіметтік емес ұйымдардың және қайырымдылық қорларының өкілдері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел «Балаға мейрімді Қазақстан!» конференциясының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорының өкілдігімен (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігімен, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкілмен және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен өткізіледі.

Дөңгелек үстел 2016 жылғы 15 қарашада жалғастырылады.

T. Кіршібаев