Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК хабарламасы мен Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің 2016 жылдың 3-5 қарашасына арналған болжамы бойынша, Каспий теңізі оңтүстігінің үстінде қалыптасқан циклон, қатты жылдамдықпен солтүстік-шығыс бағытқа жылжуда, таяудағы тәулікте оның орталығы Балқаш ауданының үстінде болады. Осы циклонмен, соған байланысты атмосфералық фронттармен, республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын күтілуде. Еліміздің оңтүстігі, орталығы мен шығысында кей жерлерде күшті жауын-шашын, жаңбырдың арты қарға ұласады, тайғақ, желдің күшеюі кей жерлерде 15-25 м/с дейін жетеді.

4 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 18-23, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.
4 қарашада күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін, түнде 5-6 қарашада 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін төмендейді. 
4 қарашада түнде және таңертен Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 3 қарашада күндіз, 4 қарашада түнде және таңертен жел солтүстік-батыстан соғады, күші 23-28, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.

4 қарашада циклон Қазақстан аумағынан шығады. Циклонды Ресейдің Еуропалық бөлігінен жауын-шашын мен суытуды аз мерзімге  тоқтататын, антициклон ауыстыратын болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

О. Сансызбай