«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың игерілуі жоспарланған көлемде жүргізілуде

Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасының 2015 жылы және  ағымдағы жылдың 9 айы бойынша іске асырылу қорытындысы туралы айтты. Бұл туралы ҚР Ұлттық  экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр «Нұрлы жол»  Мемлекеттік бағдарламасының әлемдік экономика өсуінің бәсеңдеуі және экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі жағдайында іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді қолдаудың басты ынталандырушы тетігіне айналғанын атап өтті.

«Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттарын іске асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2015-2017 жылдары жыл сайын 3 млрд. АҚШ доллары бөлінеді. Одан басқа, «Нұрлы жол» жобаларын іске асыру үшін халықаралық қаржы институттарының 8,1 млрд. АҚШ  доллары мөлшеріндегі қарыз қаражатын және ұлттық компаниялар мен даму институттарының 254 млрд. теңге мөлшеріндегі жеке қаражатын тарту көзделген.

Мәселен, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін көзделген қаржыландырудың жалпы көлемі 5 жыл ішінде шамамен  18 млрд. АҚШ долларын құрайды», - деп хабарлады Бишімбаев.

Ол Мемлекеттік бағдарламаның іске асыру мерзімі 5-жыл болғанымен, 2 жылдың өзінде оның оң нәтижелері  байқалатынын атап өтті.

«Ағымдағы жылы «Нұрлы жолдың» ЖІӨ өсуіне қосатын үлесін ЖІӨ өсімінде 1,2 п.к.  деңгейінде  күтіп отырмыз» - деді министр.

Көліктік-логистикалық және индустриялық инфрақұрылымды  дамыту аясында  2015 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең ішінде шамамен 7 мың. км  автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланады.

Сондай-ақ  Мемлекеттік бағдарлама аясында ел ішіндегі және  Иран, Қытай, Ресей, ЕО елдері бағыттарына  жүк айналымын ұлғайту бойынша қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ ЭКСПО-2017 қарсы Астана әуежайының өткізу мүмкіндігін кеңейту шаралары көзделген.

Сонымен бірге, Мемлекеттік бағдарламада өңдеу өнеркәсібі секторларын инфрақұрылымдық қолдау көзделген. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА  аумағында мұнай-химия өндірістері үшін қажетті инфрақұрылым құрылысын 2018 жылға қарай аяқтау үшін  78,5 млрд.теңге бөлінген, олардың ішінде 10 млрд.теңге 2016 жылы бөлінген» - деп хабарлады Бишімбаев.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 2020 жылға дейін шығыны мен апаттылығы жоғары шамамен 1 мың км жылумен жабдықтау желісін және 6 мың км-ге жуық сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңғырту жоспарлануда.

«Бұл мақсаттарға 2015-2016 жылдарға  150 млрд.теңге бөлінді» - деп хабарлады Бишімбаев.

Оның айтуынша, құрылыс көлемі 6,9%-ға өсті, ол «Нұрлы жол» шеңберінде инфрақұрылымның ауқымды салуын және тұрғын үйлер салынуымен байланысты. Барлық көздер есебінен салынған тұрғын үйлерді пайдалануға беру қаңтар-қыркүйекте 13,6%-ға (7,2 млн. шаршы метрге дейін) ұлғайды.

«Мемлекеттік бағдарламада 2020 жылға қарай 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген Мемлекеттік бағдарламада жалдамалы, кредиттік, коммерциялық және Жеке тұрғын үй құрылысы объектілерін жаппай салу аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) салу көзделген. Бұл мақсаттарға 151,2 млрд.теңге бөлінген» - деп хабарлады министр.

«2016-2017 жылдары біз Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 100,9 мың учаскені қажетті инженерлік  инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. Инфрақұрылым бүгінгі күні берілген 57,4 мың жер учаскесіне және жаңа 43,5 мың учаскеге жүргізілетін болады» - деп қоса айтты Бишімбаев.

Білім беру саласы инфрақұрылымын дамыту шеңберінде білім берудің 43 объектісі пайдалануға берілді, оның ішінде 29 мектеп (22 мектеп үш ауысымды оқытуды жою үшін және 7 мектеп апатты мектеп орнына) және 14 балабақша. Жыл соңына дейін қосымша 6 мектеп және 4 балабақша пайдалануға берілетін болады.

Бұдан басқа, экспорт алдындағы және экспорттық қаржыландыруды ынталандыру үшін 2016 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигациялық қарыздары арқылы 15 млрд.теңге көзделген.

«Қазіргі таңда «Қазақстанның даму банкі» АҚ 18,8 млрд.теңге сомасына 7 жобаны мақұлдады, оның ішінде 4,6 млрд.теңге сомасына 3 жоба қаржыландырылды. Бұдан басқа, қосымша 22,4 млрд.теңге сомасына 9 жоба қаралуда. Ұлттық қордың және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 45 млрд.теңге мөлшерінде микширленген қаражаты 17-ге жуық кәсіпорынды қолдауға және дайын өнімнің 145 млрд.теңге сомасына экспортын қамтамасыз етуге көмектеседі», - деп атап өтті Бишімбаев.

Ол Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі әріптестік туралы негіздемелік келісімдерге сәйкес Қазақстанға қаржылық және техникалық қолдау көрсететін халықаралық қаржы ұйымдарымен олардың шеңберінде басым жобалар тікелей экономикалық және әлеуметтік әсерлерді болжайтын қайтарылатын жобалар болып табылады.

«Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру үшін Ұлттық қордан бөлінетін бюджеттік инвестициялардың шектеулі екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты, 2020 жылға қарай басты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен тікелей бюджеттік қаржыландырудың орнына халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен жобаларды қоса қаржыландыру көлемі ұлғаятын болады» - деп хабарлады министр.

Ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген Ұлттық қордың қаражатын игеру жоспарланған көлемде қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап кетті.

«Жыл соңына дейін қаражаттың толығымен игерілуіне қол жеткізу үшін ҰЭМ басқа бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерімен және холдингтермен бірлесіп, проблемалық жобалар бойынша тұрақты бақылау және Үкімет отырыстарында ай сайын тыңдаумен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына мониторингін қамтамасыз етіледі» - деп қорытындылады министр.