Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім

Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім
Фото: omschl.edu.kz

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Рухани келісім күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді. Кездесу облыстағы барлық конфессиялар және этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен тұңғыш рет осындай кеңейтілген форматта өткізілді. Бұл туралы облыс әкімінің бапасөз қызметі хабарлады.

«Дөңгелек үстелді» ашу барысында облыс әкімі, тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің қол жеткізген аса маңызды жетістіктерінің бірі бейбітшілік пен келісім екеніне тоқталды. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы біздің ең басты құндылығымызға, оны сақтау және көбейту қажеттігінеайырықша назар аударатындығын қатысушылардың есіне салып өтті.

Аймақ басшысы «Бүкіл әлемдегі, бүкіл жер бетіндегі руханилық, адамгершілік және тағаттылық конфессиялар, діндер өкілдері, Қазақстан халқының Ассамблеясымен тығыз достастықтағы барлық мемлекеттік органдар жұмысының мақсаты болып табылады» деп атап айтты.

Өз кезегінде кездесу қатысушылары Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдық тарихында мемлекеттің саясаты арқасында қазақстандықтардың әрқайсысы өз ана тілінде еркін сөйлеп, өз мәдениеті мен салтын сақтап, өзі қалаған дінін ұстанатындығын тілге тиек етті.Конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтауға бағытталған Мемлекет Басшысының саясатынан елімізде сенім бостандығына игілікті жағдай жасалған.

Конфессиялар басшылары діни радикализм идеялары ықпалдық қаупінің бетін қайтаруда мемлекеттік билік органдары байланысыныңкеңеюіне оң баға берді. Дегенмен, халықаралық терроризм мен экстремизм қатері осы әлемдік дертпен күресте бүкіл қоғамның күшін біріктіруді талап етеді.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысында оның қатысушылары, сенушілердің құқығы мен бостандығын құрметтеудің демократиялық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің аратеңдігіне негізделген мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы моделін нығайту ісіне өз үлесін қосуға қоғам мүшелеріне үндеу тастаған қарар қабылдады.

Олар қоғамымызға жат діни радикализм және экстремизм идеяларын уағыздауға тырысушы күштерді батыл айыптады. Облыс тұрғындарын әлемдегі террорлық актілерді болдырмау еліміздегі бейбітшілік және келісімді нығайту жолымен үшін әртүрлі діни шиеленістерге қарсы тұруға шақырды.

T. Кіршібаев