Павлодар облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша күшеймек

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша күшеймек
Фото: pavlodar.gov.kz

Павлодар облысы Қазақстан өңірлерінің ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен аймақтардың қатарында, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша өткен кеңесте хабарлады.

Әлеуметтік зерттеулердің деректеріне сәйкес Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлық деңгейі 6 пайызды құрап отыр. Бұл республика бойынша төмен көрсеткіштердің бірі. Халықаралық рейтингтерге сенетін болсақ, Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша 123-ші орыннан 140-шы орынға жылжып, бірнеше сатыға көтерілген.

– Ең алдымен біз білім беру, денсаулық сақтау салалары, құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде белең алған жемқорлықты жоюмыз қажет, - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство төрағасының орынбасары.

– Ол үшін біз шынайы үкімет, жазаның қайтарымсыздығы, кеплідендірілген жоғары жалақы секілді үш мақсатқа қол жеткізуіміз керек. Алик Шпекбаев кеңеске жиналған мемлекеттік қызметшілерге өзге елдердегі парақорларға тағайындалатын жаза түрлері туралы айтып өтті. Мәселен, Қытай Сауд Арабиясы, Тайланд және Куба Республикасында қылмыскерлерді өлім жазасына бұйырса, БАӘ, Катар және Бахрейнде жазалылардың қолын шауып тастайды, ал Сингапур, Үндістан және Пәкістанда жемқорларға таяқпен дүре соғады.

Айта кетерлігі, әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша Павлодар облысындағы жемқорлық фактілері білім беру, құқық қорғау және сот жүйелерінде тіркелген екен. Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейту бойынша тапсырма берілді.

Б. Қанатұлы