«Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

12 қазанда «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараға 25 жұмыс беруші мен 10 артық қоғамдық бірлестік шақырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Келушілер түрлі ұйымдардың өкілдерінен кеңес алып, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық жағдайы мен мүгедектік санатына қарамастан әркімге лайықты жұмыс табу маңызды.

– Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамда бейімдеуге баса назар аударылады. Заңнамаға сәйкес әр жұмыс берушінің штатында мүмкіндігі шектеулі жандар болуы керек. Олар да басқа адамдар сияқты өз еңбегімен ақша тауып, кәсіби тұрғыдан даму құқығына ие, – дейді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Роза Байсалбаева.