Заңдастыру басталғалы банктерде 1 814 млрд. теңге сомасына шоттар ашылды

Заңдастыру басталғалы банктерде 1 814 млрд. теңге сомасына шоттар ашылды
Фото: consultantpuls.ru

ҚР Ұлттық Банкі мүлікті жария ету акциясын өткізу барысы туралы ақпарат жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы реттеушісінің деректері бойынша, акцияның 2014 жылғы 1 қыркүйегі мен 2016 жылғы 30 қыркүйегі аралығында банктер шамамен 1 814 млрд. теңге сомасына 4011 банк шотын ашты.

«Салыстыру үшін мүлікті жария ету акциясы басталғаннан бері (2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап) және Рақымшылық жасау туралы заңға өзгерістер енгізілгенге дейін (2015 жылғы 29 қарашаға дейін) жария ету субъектілері 181 шот ашты, оған шамамен 84 млрд. теңге енгізілді», - деп хабарлады ҚР ҰБ.

Сонымен бірге, жария ету талаптары жеңілдетілген сәттен бастап, өткен он ай ішінде азаматтар қосымша 3830 шот ашып, 1 730 млрд. теңгеге жуық ақша енгізді. Осылайша, бүкіл ақшаның 95 пайызы мүлікті жария ету талаптарын жеңілдетуге бағытталған түзетулерді қолданысқа енгізгеннен кейін жария етілді.

Қазақстан  Ұлттық банкінің деректері бойынша, ағымдағы жылғы 1-30 қыркүйек қыркүйек аралығында 978 банк шоты ашылды, оларға 266 млрд. теңгеден астам енгізілді. Жария етуге Алматы, Астана қалаларының, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының халқы (республика бойынша жария етілетін ақшаның жалпы сомасынан 97,5%) барынша белсенді қатысуда.

«Ұлттық банк ақшаны жария ету мәселелері бойынша БАҚ-та және Интернет желісінде белсенді ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізуді жалғастыруда. Азаматтарға жария ету туралы қажетті ақпарат беру сапасын бақылау, сондай-ақ арнайы шоттарды ашу және оларға тұрақты негізде ақша салу конфиденциалдылығын қамтамасыз ету үшін банктердің филиалдарымен және дербес басқару орталықтарымен жұмыс жүргізілуде», - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.

Марлан Жиембай
Б. Қанатұлы