Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында

Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында
Фото: astana.gov.kz

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин алдағы жылыту маусымына уақытылы дайындық жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша селекторлық жиын өткізді.

Жиын барысында ҚР ҰЭМ министрінің орынбасары Р. Скляр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығы уақытылы жүргізіліп, қазіргі таңда аяқталуға жақындап қалғанын хабарлады.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, елдегі жылумен қамтамасыз ету желілерінің дайындығы 99,8% құрайды, электрмен жабдықтау – 100%, білім беру нысандары – 100%, денсаулық сақтау – 99%, тұрғын үйлер – 98% құрайды.

Селекторлық жиын барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы тұрғын үй қорының жылыту маусымына деген дайындығы айтарлықтай нәтижелі болмай тұрғандығын айтты. «Қысқа уақыттың ішінде ретке келтіру қажет болатын, шешімі табылмаған мәселелер бар. Барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер тұрақты жылумен қамтамасыз етілуі қажет», – деді ол.

Селекторлық жиынның қорытындысы бойынша, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Мамин жергілікті атқарушы органдар мен қатысы бар министрліктерге бірқатар тапсырмалар берді.

Дереккөз: primeminister.kz

T. Кіршібаев