Алматыда сел жүру қаупі бар

Алматыда сел жүру қаупі бар
Фото: tengrinews.kz

Нөсер жауындар болады деген болжамға байланысты бүгін кешке және ертең Алматы облысының өзендерде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін, тіпті сел жүруі ықтимал.

«Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның 14 шілде жасаған болжамына байланысты ескертеді: бүгін кешке қарай және шілденің 15 күні жаңбыр жауады. Осыған байланысты Алматы облысындағы өзендерде су басу, сел жүруі мүмкін",– делінген хабарламада.

Айта кетейік, шілденің 23-іне қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүрген болатын. Соның салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.

Дереккөз: baq.kz

Е. Жұмабайұлы