Еліміздің оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі

Синоптиктер 2016 жылдың 9-11 маусымына арналған ауа райы болжамын жария етті. 

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан облыстарының басым бөлігінде бүгінгі таңда температураның деңгейі 30-38 градусты ұстап тұр. Ал оңтүстікте 40-43 градусқа жететін болады. "Бұл - аптап ыстық алдыңғы Азия аудандарынан келетін тропосфералық оңтүстік-батыс ағысының әсерінен болып тұр. Сонымен қатар, батыстан ығысқан атмосфералық фронттар, республикамыздың батысы мен солтүстік шеткі аудандарының кей жерлерінде найзағайлы-өткінші жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, аптаптың бетін қайтаратын күйге әкеледі", - деп болжады "Қазгидромет" мамандары. 

Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалада 8-9 маусымда күннің ыстық болатынын хабарлаған болатын. 

Дереккөз: kaztengrinews.kz