Демалыс күндері еліміздің бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Елімізде 23-25 сәуір аралығында жаңбырлы ауа райы күтіледі, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

"Ресейдің орталық аумағында қалыптасқан кезекті циклон Батыс Сібірге қарай ығысады. Cоған байланысты атмосфералық фронттар жолай найзағайлы жаңбыр және жылдамдығы секундына 13-20 метрге жететін екпінді жел әкеле отырып, Қазақстан арқылы өтеді. Сол себептен тропосферада ауа массасының батыстан шығысқа кеңінен ауысуы бұлтты жауын-шашынды ауа райының және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Алайда температура климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары болады", − делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews