KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар 2 теңгеге өсті

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша доллар 2 теңгеге өсті
Фото: alau.kz

KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 334,54 теңгені құрап, екі теңгеге әлсіреді. Өткен күннің түскі сессиясында теңге бағамы 332,18 теңге болатын.

22 сәуірдің таңғы сессиясының алғашқы келісімі 334,98 теңгемен өтті. Ең жоғарғы баға 337 теңгені, ал ең төменгі баға 333,8 теңгені құрады. Жалпы сессияда 101 миллион долларға келісім жасалды. Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 332,5-335,5 теңгеге бағаланған.

Астана уақыты бойынша сағат 10.47 шамасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 45,08 долларды құраған. 

С. Ерсін