Теңге 5 теңгеге нығайды

Теңге 5 теңгеге нығайды
Фото: www.time.kz

KASE таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 332,81 теңге болды. Доллар 20 сәуірдегі таңғы сессия қорытындысымен салыстырғанда 5 теңгеге арзандаған. 

АҚШ долларына қатысты сауданың минималды бағамы 332 теңгені құрады. Ал максималды құны 335 теңге тең болды. Сауда 332,02 теңгемен аяқталды. Таңғы сессиядағы сауда көлемі 91 млн 100 мың доллар болды. Келісім саны — 114.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда мұнай бағасы барреліне 45 доллардан асты. Brent маркалы мұнайының құны  45,66 доллар. WTI мұнайының құны 43,92 доллар. Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғандағы ең максималды құны болып естептеледі.

С. Ерсін