Теңгенің долларға қатысты бағамы күрт әлсіреді

KASE таңғы сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 339,79-ға тең болды. Өткен аптадағы соңғы сессия 334,16 теңге көрсеткішімен қорытындыланған еді.

18 сәуірдегі таңғы сессияның алғашқы келісімі 336,16 теңгемен өтті. Ең төменгі баға да осы болды. Ал жоғарысы 340,3 теңгеге жетті. Сауда көлемі − 54,8 миллион доллар. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 335 − 342 теңге аралығында сатып жатыр.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.49-да Brent маркалы мұнайдың баррель құны 41,28 долларға тең болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz