Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні болуы мүмкін

Күннің жылынуына байланысты Алматы облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі бар. Синоптиктердің мәліметінше, бұл қауіп 16-18 сәуір аралығында сақталады.

"Алматы облысының таулы аймақтарында жылымықтың әсерінен 16-18 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін. Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар",−- делінген ескерту хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер демалыс күндері ауа температурасының жоғарылайтынын ескертті. 

Дереккөз: tengrinews