Ұлттық валюта 3 теңгеге әлсіреді

Ұлттық валюта 3 теңгеге әлсіреді
Фото: vlast.kz

KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 343,34-ке тең болды. Бүгін таңғы сессия 340,81 теңге көрсеткішімен қорытындыланған еді. Осылайша, теңге алдыңғы сессиядан бері 3 теңгеге әлсіреп отыр.

Күндізгі сессиядағы алғашқы келісім 343 теңгемен өтті. Сессияда ең төменгі сауда 342,5 теңгемен, ал жоғарысы 344,2 теңгемен жасалды. Сауда мөлшері 33,05 миллион доллар болды. Kurs.kz порталының мәліметінше, валюта айырбастау пункттері долларды 340-344 теңге аралығында саудалап жатыр.

Дереккөз:Tengrinews.kz

С. Ерсін