17-19 наурызға арналған ауа райы болжамы

Елімізде таяу күндері ауа райы тосын мінез танытады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Синоптиктер 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы жылжыған циклон мен атмосфералық фронттар республиканың барлық аумағына жауын-шашын, дауыл алып келеді.

"Жауын-шашынмен бірге тұман күтілуде. Қазақстанның солтүстік жартысында боран соғып, көктайғақ болады. Алайда ауа температурасы климаттық қалыптан жоғары болады. Солтүстікте де осы деңгейде сақталады", − деп хабарлады мамандар.  

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Наурыз мейрамында ауа райының қандай болатынын айтқан. Мамандардың мәліметінше, келесі аптаның басында скандинавиялық циклон батыс бағытта жылжып, Қазақстанның басқа да аумақтарын қамтиды.

Дереккөз: Tengrinews.kz