Енді демалыс күндері ақша айырбастау пункттері бағамды өздері белгілей алады

2016 жылдың 22 наурызынан бастап "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" қаулы күшіне енеді, − деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Құжатта "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына" қатысты нормаларды жыл соңына дейін тоқтата тұру туралы айтылған. "Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тоқтатыла тұрсын", − делінген құжатта.

Айырбас пункттері валюта нарығындағы өзгерістерге байланысты демалыс және мереке күндері бағамды өзгерте алады.

Дереккөз:Tengrinews.kz