Теңге нығайып келеді

KASE қор биржасының күндізгі сессиясында теңгенің долларға қатысты бағамы 345,54-ке тең болды.

3 наурызда күндізгі сессияда алғашқы келісім 345,5 теңгемен өтті. Саудада доллардың төменгі бағасы 345,45 теңге болса, жоғарысы 345,8 теңгеге жетті. Сауда көлемі 46,4 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары шетел валютасын 344,5-346,5 теңге аралығында саудалап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев теңгенің нығаюына ел ішіндегі саяси процесстердің әсер етпейтінін айтқан болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz