Келімбетов Қазақстан экономикасының болашағы жайлы айтты

ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов CFO Idea Exchange&Networking Event саммиті кезінде Қазақстанды қандай экономикалық болашақтың күтіп тұрғанын айтып берді.

"Қазақстанда болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретін макроэкономикалық факторлар бар. Мысалы, Ұлттық банктің құрылуы, теңгені еркін айналымға жіберу − осының барлығы болашақта жақсы нәтиже береді. Біздің валюта қорымыз жеткілікті және басқа елге қарағанда құтқарылатын мүмкіндігіміз бар, − деді Келімбетов. − Менің ойымша, Қазақстанның болашағы зор, мүмкіндіктері де жоғары. Мемлекет бір орында тұрмайды. Басқа елдерге қарағанда артықшылығымыз бар ма? Меніңше, бар", − деді ол.

Дереккөз: tengrinews