23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамы

23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: massaget.kz

Қазақстанда 23-25 ақпан аралығында күн алабұлтты және жауын-шашынсыз болады, − деп хабайлайды "Қазгидромет" кәсіпорны.

"Сібір антициклоны Қазақстандағы ауа райға әлі де әсер етеді. Сондықтан да алдағы үш күнде республикамыздың бірқатар облысында күн алабұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа жоғары болады", − дейді синоптиктер.

Сонымен қатар, Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында атмосфералық жылы фронттардың әсерінен кей жерлерде қар жауып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын жел соғады, көктайғақ та күтіліп отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін