18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: massagetkz

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары 18-20 ақпанға арналаған ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның батысында қолайсыз ауа райы күтіледі. "Ресейдің Еуропа бөлігіндегі күшті жаңбырға себепші болған циклон Қазақстанның батыс облыстарына ығысып келеді. Алдағы үш күнде циклонның әсерінен осы аумақтарда күрделі ауа райы күтіледі: қарлы жаңбыр, көктайғақ, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 25-28 метрге дейін жететін қарлы боран болады", − деді олар.

Республиканың басқа аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз. "Республикамыздың өзге аумақтарында Сібір антициклонының әсері сақталады. Ол батыс циклонының шығысқа қарай жылжуына жол бермейді. Сондықтан көптеген облыста суық, күн ашық, температура көпжылдық орта мәнге жақын болады. Оңтүстік және орталықта ауа температурасы  нормадан 3-5 градусқа жоғары болуы мүмкін.

Дереккөз: Tengrinews 

С. Ерсін