Ұлттық валюта тағы да 9 теңгеге әлсіреді

Ұлттық валюта тағы да 9 теңгеге әлсіреді
Фото: vlast.kz

KASE қор биржасының таңғы сессиясында ұлттық валюта долларға қатынасында 377,96 теңге көрсеткішінде тұр.

Бірінші келісімдер 373,20 теңгемен жасалды. Бұл минималдық құны болып тіркелді. Ал максималдық құны 381,50 теңгеге жетті. Сауда көлемі 40,05 миллион долларға тең. Ақша айырбастау пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, шетел валютасы 377-383 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске салайық, кеше, 2 ақпанда мұнайдың арзандауының фонында ұлттық валюта 9 теңгеге әлсіреген болатын. Астана уақыты бойынша, 2 ақпандағы 00.00 жағдайында, "РБК" мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 33,98 доллар.

Дереккөз: Tengrinews 

С. Ерсін