Мұнай бағасы өсіп жатыр

Мұнай бағасы өсіп жатыр, - деп хабарлайды "Вести.Ru" Лондонның ICE Futures биржасының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Сауда кезінде Brent маркалы мұнайдың баррель құны 33 доллар болды. Мұнай қаңтар айында АҚШ ФҚЖ базалық жылдық мөлшерді 0,25-0,5 пайызда сақтап қалғаннан кейін қымбаттап отыр. Сонымен қатар, 27 қаңтарда АҚШ-тың көмірсутегі қоры туралы мәліметтер жарияланды, осыдан кейін нарықта шикізатқа сұраныс бар екені анықталды.

Дереккөз: tengrinews