Доллар күрт қымбаттады

21 қаңтардағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 383,23 теңгеге тең болды. Шетел валютасының бағамы 20 қаңтармен салыстырғанда 8 теңгеге өсті. Осылайша тарихи антирекорд тіркелді.

Бүгін таңғы сессиядағы алғашқы келісім 381 теңгемен жасалды. Бұл ең төменгі баға да осы болды, ал жоғарысы 385 теңгеге дейін жетті. Сауда көлемі 57,75 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары долларды 383,5 − 385 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске салайық, 20 қаңтарда мұнай бағасы тағы арзандаған болатын. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың баррель бағасы 2,74 пайызға, яғни 27,68 долларға дейін арзандады. Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 1,67 пайызға құлдырап, баррель құны 28,28 доллар болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz