Доллар бағамы 380 теңгеге жақындап қалды

KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 379,5 теңгеге тең болды. Алдыңғы сессияда бағам 376,88 теңге болған еді. Осылайша шетел валютасы 3 теңгеге қымбаттады.

2016 жылдың 19 қаңтарында таңғы сессиядағы алғашқы келісім 379,6 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға 378,5 теңге болса, жоғарысы 380,5 теңгеге жетті. Сессияда сауда көлемі 124,25 миллион доллардан асты. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 377-380 теңге аралығында сатып жатыр.

Еске сала кетейік, доллар кеше, 18 қаңтардан бері күрт қымбаттап жатыр. Осы аптаның алғашқы сессиясы 372,58 теңгемен қорытындыланса, түстен кейін бағам 376,88 теңгеге дейін өсті. Шетел валютасының қымбаттауына АҚШ-тың Ираннан санкцияларды алуы себеп болды.

Дереккөз:  Tengrinews.kz