Доллар бірден 13 теңгеге қымбаттады

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 372,58 теңгеге дейін көтерілді. Шетел валютасы Ираннан санкциялар алынғаннан кейін мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты қымбаттап отыр.

2016 жылдың 18 қаңтарында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 366,35 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы. Сессия кезінде жоғарғы баға − 375 теңге. Сессияда сауда көлемі 81,4 миллион доллардан асты.

Еске сала кетейік, доллар бағамының антирекорды бұған дейін 367,31теңгемен орнатылған болатын. Бағам мұндай көрсеткішке 12 қаңтар күні жетті. Ал 15 қаңтарда доллар 359,3 теңгеге тең болған еді. 

Дереккөз: tengrinews