Ауа райы: Таяу күндері 30 градусқа дейін аяз болады

Таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғады және батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге жетеді.

"Қазақстанның орталық бөлігіндегі циклонға Қара теңізден арктикалық ауа келіп жетеді. Осыған байланысты түнгі ауа температурасы солтүстіктегі облыстарда 23-30 градусқа дейін төмендейді. Ол нормадан 4-8 градусқа төмен", − деп хабарлайды синоптиктер.

Сонымен қатар, мамандардың мәліметтеріне сенсек, республиканың оңтүстік бөлігі белсенді фронтальдық зонаның ықпалында, сондықтан бұл өңірлерде жауын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Дереккөз: tengrinews