Ауа райы: Алдағы күндері қар жауып, бұрқасындатады

Ауа райы: Алдағы күндері қар жауып, бұрқасындатады
Фото: massagetkz

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың барлық жерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Бұрқасындатып, оңтүстік-шығыста жауын-шашын жауып, кей жерлерде күшті жел тұрады. 

"Қазақстанның оңтүстік-шығысының кей жерлерінде мұзтайғақ, тұман болады. Республиканың батысында ауа температурасы түнде 10-20 градустан 5-15 градусқа дейін суытады, күндіз 0-8 градус аяз; солтүстікте, шығыста 10-30, күндіз 10-20 градусқа дейін суытады; орталықта түнде аяз 0-18 градустан 10-23 градусқа дейін күшейеді, күндіз 3-12 градустан 7-15 градусқа дейін аяз болады", − деп хабарлады елдің метеоқызметіндегілер.

Қазгидромет өкілдерінің айтуынша, Алматыда 5 қаңтарда жауын-шашын түсіп, қар жауып, тұман түсіп, 6 қаңтарда күн ашық болады. Түнде ауа температурасы 0-2 градус суық, күндіз 0-2 градус жылы, 6 қаңтарда түнде 2-4 градус суық, ал күндіз 2-4 градус жылы болады.

Астанада 5 қаңтар күні қар жауып, бұрқасындатады. 6-қаңтарда қар жауады. Түнде ауа температурасы 16-18, күндіз 13-15 градус суық, түнде 24-26 градус, күндіз 19-21 градус аяз түседі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін