Доллар бағамы 343 теңгеден асты

Доллар бағамы 343 теңгеден асты
Фото: massagetkz

2016 жылы KASE-нің алғашқы сессиясында доллар бағамы 343,11 теңгеге тең болды. 2015 жылы сауда 340,5 теңге бағаммен аяқталған болатын.

5 қаңтар күні таңғы сессияда алғашқы сауда 343 теңгемен жасалды. Ең төменгі баға 342,98 теңге болды. Ал ең жоғары баға − 343,21 теңге. Сауданың жалпы көлемі 91,6 миллион долларға жетті. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты. Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша, шетел валютасы ақша айырбастау орындарында 341-345 теңгеге сатылып жатыр.

Айта кетейік, 2015 жылы доллар бағамының тарихи антирекорды 21 желтоқсанда орнаған болатын. Ол кезде бір доллар 349,12 теңгеге бағаланды. Келесі күні Ұлттық банкте баспасөз мәслихаты өтіп, бағам тұрақтанды. Алайда біраз уақыттан кейін шетел валютасы қайта қымбаттай бастады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін