Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды

Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды
Фото: massagetkz

Қазақстанның үш облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында қар мен боранға байланысты Самара − Шымкент автожолының учаскесінен Белогорка ауылынан Хромтау қаласына дейін көліктің барлық түрі үшін түн ортасында қозғалысқа тыйым салынды. Сонымен қатар 4 қаңтардан бастап Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (Ембі қаласынан Шалқарға дейін) тас жолында 92-257 шақырымдарда қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қарағанды облысында 3 қаңтардан бастап жаңбыр мен балшыққа байланысты жолдар жабылды. Қызылорда  Павлодар тас жолының 216-424 шақырымдарында қозғалыс шектелді, яғни Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазғанға дейін көліктердің барлық түрі үшін тыйым салынды.

Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты көршілес Қарағанды облысында 3 қаңтардан бастап Қызылорда  Павлодар жолының учаскелері жабылды  12-ден 216-шақырымға дейін (Қызылордадан Қарағанды облысына дейін).

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін