Ауа райы: Қазақстанның төрт облысында дауыл тұрады

Ауа райы: Қазақстанның төрт облысында дауыл тұрады
Фото: motor.kz

Алдағы күндерде Қазақстанның төрт облысында дауыл тұрады. Осыған байланысты ескерту жарияланды.

23 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 18-23 метр болатын дауыл соғады. Күндіз оның екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді. Синоптиктер 23-24 желтоқсанда оңтүстік батыс пен батыстан соққан жел секундына 18-23 метрге дейін барады деп болжап отыр, ал 23 желтоқсанда күндіз және 24 желтоқсанға қараған түні желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді. Осы күні Астана қаласында көктайғақ болады және жылдамдығы секундына 18-23 метрге жететін жел соғады деп күтілуде.

24-25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын, кей жерлерде секундына жылдамдығы 23-28 метрге дейін жететін жел тұрады деп күтіледі. 24 желтоқсанда желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысында да дауыл тұрады. Оңтүстік батыстан соққан дауылдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерде 23-28 метрге дейін жетуге ықтимал. 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін барады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін