Доллар бағамы тарихи антирекордқа қайта жақындады

Доллар бағамы тарихи антирекордқа қайта жақындады
Фото: focus.ua

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 310,37 теңгеге тең болды. Шетел валютасы тарихи антирекордқа − 312,65 теңгеге жетуге аз калды. Мұндай деңгейге доллар бағамы 2015 жылдың 9 қарашасында көтерілген еді. Кейін доллар дереу арзандап, 307 теңге болды.

2015 жылдың 10 желтоқсанында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 310 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғары баға  310,55 теңге. Сауда көлемі 121 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 309,5-312,7 теңге аралығында саудаға салынып жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

С. Ерсін