Алматыдан 608 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 608 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: doblellave.com

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 7 желтоқсанда сағат 21:23-те тағы бір жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 608 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.4. MPV магнитудасы – 5.3. Тереңдігі – 10 шақырым. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тәжікстан аумағында 7,2 балдық жер сілкінісі, ал Алматыда 3 балдық жер сілкінісі сезілген. Бұдан кейін тағы бірнеше мәрте жерасты дүмпулері тіркелген. 

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы