Қоғамдық лекция: Кәсіпкерліктің мәні

Қазақстандық белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев желтоқсан айының 4 күні Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде жас кәсіпкерлер мен жалпы кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын болашақ жастарға "Кәсіпкерліктің мәні" атты лекция оқиды. Лекция Астана уақытымен сағат 19:00 басталады. Жіберіп алмаңыздар!

Естеріңізге сала кетейік, Марғұлан Сейсембаев отандық сапалы өнімдерді қолдау мақсатында «Кепіл беремін» («Я отвечаю») бағдарламасын қолға алған еді. Кәсіпкердің қолға алған бастамасы алғашқы күндерден-ақ көпшілік тарапынан үлкен қолдауға ие болып, алғышартын бастап та кеткен. Алайда аз уақытта 400 000 адам қолдау білдірген жоба белгілі бір себептерге байланысты тоқтап қалды.