Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге, яғни 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның орталығынадағы циклон және циклонға қатысты атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады. Сонымен қатар, еліміздің басым аумағында қар жауады.

"Демалыс күндері циклонның әсері оңтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне ықпал етеді, бірақ оның шығысқа қарай ауысуы бәсеңдей түседі. Ауа температурасы климаттық нормадан 2-5 градусқа жоғары болады. Тек 23 қараша күні шығыста климаттық норма 3-6 градусқа төмен болмақ. Ал қалған өңірлерде нормаға сай болады", − деп хабарлады синоптиктер.

Дереккөз: tengrinews