Доллар бағамы 308 теңгеден асты

Доллар бағамы 308 теңгеден асты
Фото: today

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 308,36 теңге болды. Бұл жұма күнгі көрсеткіштен шамамен 50 тиынға жоғары. Ол күні шетел валютасы күндізгі сессия кезінде 307,87 теңге болған еді.

2015 жылдың 16 қарашасында таңғы сессия кезінде алғашқы келісім 308,2 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға − 308,45 теңге. Сауда көлемі 22,35 миллион теңгеден асты. Саудаға валюта нарығының 21 мүшесі қатысты. Ақша айырбастау орындарында доллар 307-310,3 теңге аралығында сатылып жатыр.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін