Мәскеуде тұман салдарынан бір мезетте 20 көлік соқтығысып қалды

Мәскеудің оңтүстік-батысында қатты тұман мен жылдамдықты шектен асыру салдарынан 20-ға жуық көлік соқтығысып қалды.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушілерінің біреуі тізгінге ие бола алмай, алдындағы көлікке келіп соққан.

Іле-шала тағы екі көлік бір-бірімен түйісіп қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ деп жазды 24.kz .

Дереккөз:  24.kz