Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жөнелтілді

Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде күзгі шақырылым аяқталды. Жақында ғана 30212-ші әскери бөлімі Гвардейск кентінің оқу-жаттығу орталығына Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан 45 шақырылушы жөнелтілді. Бүгін дәл осы бағытпен 50-ге жуық бозбала Петропавлдан аттанады.

"30212 әскери бөліміне жіберілгендер 17 қала мен облыс аудандарынан іріктелініп алынған. Әрқайсысының жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері, орта-арнаулы білімі, "В", "С" санатындағы жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шектеулері жоқ. Мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылым басталғалы бері Департамент 270 шақырылушыны жіберді", - деп хабарлады ведомство.

Сарбаздарды әскерге жөнелту 19 қазанда басталды. Сол сәттен бастап күн сайын жекелеген әскери команда болып бозбалалар еліміздің түкпір-түкпіріне жіберілді. Әскерлерге соңғы жөнелту ертең, 7 қарашада өтеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды.