Америкалық миллионер Қазақстанға инвестиция құюға ниеттеніп отыр

Америкалық миллионер Қазақстанға инвестиция құюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Осыған дейін мен бірнеше себептермен Қазақстанға ақша салмай келдім. Оның бір себебі – Қазақстанның басқа елдер үшін жабық болуы. Дегенмен бәрі өзгерді, қазір мен түрлі нұсқа қарап жатырмын. Менің қолымда өзім инвестиция құя алатын компаниялардың тізімі де бар. Бәрі де мүмкін", - деді Джим Роджерс.

Сонымен қатар, миллионер Қазақстанда келуді бақыт деп есептейтінін айтты.

"Мен мұнда келгенім үшін өте бақыттымын. Мен бұл жерде 5-6 рет болдым. Менің ойыма бірінші болып келетіні – дала. Ол өте үлкен. Мен бірнеше рет жүріп көрдім, өте үлкен", - деді Джим Роджерс.

Америкалық милионер және инвестор Джим Роджерс Қазақстанға халықаралық "Astana Invest-2015" форумына қатысу үшін келді.

Бұған дейін Джим Роджерс CNN телеарнасына Қазақстанға инвестиция құюға кеңес берген.

Айта кетейік, Джим Роджерс – қаржы сарапшысы, халықаралық инвестор.