Алматы әкімдігі Instagram-дағы парақшасының танымалдығы артты

Алматы әкімдігі Instagram-дағы парақшасының танымалдығы артты
Фото: Instagram

Instagram әлеуметтік желісіндегі Алматы әкімдігінің ресми парақшасы 2 ай бұрын ғана іске қосылған болатын. Алайда осы уақыт аралығында 24 мың белсенді оқырман жиналып үлгерген.

@akimat_almaty парақшасы қала тұрғындары мен әкім арасында алтын көпір орнатты. Қолданушылар тесілген жол, ластанған алаң сияқты мәселелерді парақша арқылы мәлімдейді.

Әкімшілік болса, 4-5 күн шамасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп тастайды. Өтінішіңізді әкімдік парақшасындағы Direct-ке жіберіп, #akimatalmaty хэш-тегімен бірге өз мәселеңізді баяндап бересіз.

Осы уақытқа дейін әкімдік қызметкерлері 100-ден астам сұраныс талабын орындаған. Жұмыс орындалғаннан кейін есеп беру ретінде парақшада фотолар жарияланады. 

14 қыркүйек күні Алматы әкімдігі қала тұрғындарымен жеңіл байланыс түрін орнату мақсатында Instagram желісінде @akimat_almaty ресми парақшасын іске қосқан болатын. 

Дереккөз: BNews.kz 

С. Ерсін